2022-2023 оқу жылы бойынша «Ақтөбе қаласының №57 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген білім беру қызметін өзін-өзі бағалау жұмысының есебі
13.07.2023ж.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 59 бабы 4-1 бөлімі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдар негізінде 2023 жылдың 21.06. — 21.08. аралығында №7 педагогикалық кеңестің қаулысы бойынша «Ақтөбе қалалық №57 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде білім беру қызметіне өзі-өзі бағалауды жүргізді.
Өзін-өзі бағалауды мектепішілік 2023 жылдың 21 маусым айындағы №72 бұйрығымен келесі құрамдағы комиссия өткізді:
1. Ильясов Асылбек Кулболдыевич — мектеп директоры, комиссия төрағасы;
2. Индиева Марьям Тасбулатовна — комиссия төрағасының орынбасары;
3. Дайрабаева Бақыт Дуйсенбаевна — комиссия мүшесі;
4. Агисова Айнур Темирлановна — комиссия мүшесі;
5. Айтанатова Айнур Амантаевна — комиссия мүшесі.
Комиссия мүшелері бағалау өлшемшарттарына сәйкес мектепте бағалау жүргізу кезінде негізгі бағыттар мен зерделеу объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарына талдау, оның ішінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» бұйрығында көрсетілген 2- параграф бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары негізінде, мектептің оқу үдерісінде қолданылған нормативті құжаттармен жұмыс жасай отырып барлығы 19- өлшемшарт бойынша төмендегідей бағалау жүргізді.
1. Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер:
1) білім беру ұйымының толық атауы: «Ақтөбе қаласының «№57 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) білім беру ұйымының орналасқан жері: индекс 030000 Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, «Өрлеу» тұрғын үй алабы, 361 ғимарат;
3) заңды тұлғаның байланыс деректері: телефон — 87015801536, қабылдау бөлімі – 87132410994, электрондық пошта – 57-mektep@mail.kz, web-сайт – mektep-aktobe-edu.kz;
4) заңды тұлға өкілінің байланыс деректері: мектеп директоры Ильясов Асылбек Кулболдыевич, лауазымға тағайындау туралы Ақтөбе қаласының білім бөлімінің 26.08.2022ж. №216 бұйрығы;
5) құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары: мектеп Жарғысы Ақтөбе облысы әкімінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №448 қаулысымен бекітілген. 08.12.2015ж. тіркелген Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы. БСН 990540000894;
Барлық құжаттардың түпнұсқалары тексерілді және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келеді.
6) рұқсат беру құжаттары: білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия — 01.02.2016ж. KZ29LAA00006469 және осы лицензияға 001 қосымшасы берілді.
Барлық құжаттардың түпнұсқалары тексерілді және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келеді (электронды нұсқада).
Оқыту нәтижелерін бағалау
12. ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ БАҒДАРЛАНА ОТЫРЫП, БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА ӨЛШЕМШАРТТАР
12.1. Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкестігі бойынша «Ақтөбе қалалық «№57 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының қолымен бекітілген жұмыс оқу жоспарлары мен сабақтар кестелері тексерілді. 31 тамызда өткен №1 педагогикалық кеңесте қаралып, ҚР ОА министрінің 30.09.2022ж.№412 бұйрығымен енгізілген өзгертулер» 1- қосымша 1-4 сыныптар үшін; 12.08.2022ж.№365 бұйрығымен 6- қосымша 5-9 сыныптар үшін, 30.09.2022ж.№412 бұйрығымен 39- қосымша 10,11 сыныптар үшін таңдап алынған.
Жұмыс оқу жоспарына сәйкес әр сынып бойынша әр пәнге бөлінген сағаттары негізінде және «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021ж. ҚР ДСМ №76 бұйрығына сәйкес сабақ кестесі құрылған.
Инварианттық оқу жүктемесі 1-сыныптар үшін 18,5 сағат, 2-сыныптар үшін 23 сағат, 3-4сыныптар үшін 25 сағат, 5-6 сыныптар үшін 28 сағат, 7-сыныптар үшін 31 сағат, 8-сыныптар үшін 32 сағат, 9- сыныптар үшін 33 сағат, 10-11 сыныптар үшін 32 сағат берілген.
Вариативті оқу жүктемесі 1-4 сыныптар үшін 1 сағат, 5-8-сыныптар үшін 0,5 сағат, 9 сыныптар үшін 1 сағат, 10-11 сыныптар үшін 3 сағат берілген.
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021ж. ҚР ДСМ №76 бұйрығына сәйкес қоңырау кестесі құрылған.
Мектептегі білім беру үдерісі 5- күндік жүйеге толықтай көшірілген.
12.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру бойынша, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларда барлық пәндердің оқу бағдарламалық тақырыптары бөлімдері бойынша орналастырылып 31 тамызда өткен №1 педагогикалық кеңесте қаралып, бекітілген. Оқу жылы ішінде оқу бағдарламаларының орындалуы педагогикалық кеңесте тоқсан сайын қаралып тұрған. Оқу жылы соңында Kundelik.kz электронды журналы арқылы күнтізбелік-тақырыптық жоспарлардағы оқу пәндерінің базалық мазмұны тексеріліп, орындалуы жарияланған.
Оқу бағдарламалардың орындалуы мектепішілік бақылауға енгізіліп, қадағаланған.
12.3. Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру бойынша бағаланатын кезеңдегі әзірленген және 31.08.2022ж. педагогикалық кеңестің №1 хаттамасымен бекітілген тәрбие жұмысының жоспары ұсынылды.
Тәжирибенің тұжырымдамалық негіздері Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Ол отбасы, білім беру ұйымы және қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрдегі бірлескен жұмыс.
Жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмыстары бойынша «Ұлттық тәрбие – өркениеттің өзегі», «Бабалар сөзі – даналық көзі», «Ұлттық ойын – халық мұрасы», «Ұлттық ойындар — тәрбие бастауы», «Атадан қалған асыл сөз» атты тәрбие шаралар, әңгіме сұхбаттар, дөңгелек үстел, ойын сабақтар және т.б. іс-шаралар жоспарланып, оқу жылы ішінде толығымен орындалған. Осы шараларға мектептің барлық оқушылары қамтылған. Өткізілген шаралардың дәйектемелері мектеп сайтында жүйелі түрде орналасқан.
12.4. Білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру бойынша «Ақтөбе қалалық №57 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысымен бекітілген қосымша сабақтар кестесі (үйірме, секциялар бойынша) және штаттық кестесі ұсынылды.
Сабақтан тыс уақытында рухани-танымдық тәрбие бағыты, жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағыты, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық бағыты, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты, дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыттары бойынша жоспарланған іс-шаралар ұйымдастырылып, оқу жылы ішінде толығымен өткізілген.
Спорт және өнер бағытында оқушылар қалалық, облыстық және республикалық байқаулар мен жарыстарда үлкен жетістіктерге жеткен. Жетістіктері мектептің электронды ресурстарында орналастырылған. Спортқа, өнерге насихаттау жұмыстары жақсы жолға қойылған.
12.5. «№57 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме бойынша білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, саулнамалар негізінде 10 және 11 сыныптар үшін жаратылыстану-математика бағыты таңдап алыңған.
Оқу жоспарыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы және2022 жылдың30 қыркүйегіндегі №412 бұйрығының 39- қосымшасы негізінде енгізілген.
2022-2023 оқу жылында 10- сыныпта 1- класс-комплект, 11 сыныпта 1- класс-комплект құраған. Осы жылғы түлектердің 70% техникалық мамандықтарды таңдаған.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері қатарына «Биология», «Химия», «Физика», «География» пәндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың стандарттық деңгейдегі оқу пәндері қатарына «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері» пәндері енеді.
Оқу жоспарының инвариативті бөлігі 32 сағатты, вариативті бөлігі 3 сағатты құрайы.
Тереңдетілген пәндер бойынша жылдық білім сапасының салыстырмалы көрсеткіштер кестесі:
Пәндер | Математика | Алгебра | Геометрия | Физика | Информатика |
2020-2021 | 61 % | 59 % | 59 % | 58 % | 80 % |
2021-2022 | 65 % | 59 % | 59 % | 58 % | 81 % |
2022-2023 | 64 % | 55% | 56% | 59% | 81% |
Пәндер | Жаратылыстану | География | Химия | Биология |
2020-2021 | 67 % | 68 % | 66 % | 67 % |
2021-2022 | 68 % | 69 % | 64 % | 68 % |
2022-2023 | 67 % | 68 % | 62 % | 70 % |
Тереңдетілген пәндер бойынша білім сапасының деңгейі жоғары деп санауға болады.
12.6. «Ақтөбе калалық №57 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру бойынша төменгі жұмыстар атқарылған:
— «№57 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бойынша Ақтөбе қалалық №2 ПМПК-ның 2023 жылғы 03 наурыз айындағы №6056 қорытындысымен 2ә сынып оқушысы Тугелбайев Мирланға инклюзивті білім беру жағдайында оқыту туралы 06.03.2023жылғы №47 бұйрық шығарылды.
Жоғарыда көрсетілген №47 бұйрық негізінде Республикасы Білім және Ғылым министірінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығының (ҚР оқу-ағарту министрінің 2022 жылға 30 қыркүйектегі №412 бұйрығының 4- қосымшасы 6- тарауы) негізінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін М.Тугелбайевке пән мұғалімдері тағайындалған:
Ещанова А.Н. – қазақ тілі – 4 сағат, әдебиеттік оқу – 3 сағат, орыс тілі – 2 сағат, математика – 4 сағат, жаратылыстану – 1 сағат, дүниетану – 1 сағат;
Жалгасова Г.А. – шет тілі – 2 сағат;
Үркімбай Ш.І. – цифрлық сауаттылық — 2 сағат;
Бекмагамбетов М. – музыка — 1 сағат;
Жанпеисов А.Б. – көркем еңбек – 1 сағат;
Алдонғаров Қ.Д. – дене шынықтыру – 3 сағат;
Психологиялық-педагогикалық қолдауды жүргізу психолог Г.Т.Кумарова және логопед Ж.С. Мухамбетжановаға міндеттелген.
Жоғарыда көрсетілген №47 бұйрық бойынша 2023 жылдың 06 наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылдың 31 қазан айында №17657 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірінің 2022 жылғы 12 қантардағы №6 бұйрығы және Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Түзеу педагогиканың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» туралы әдістемелік нұсқаулыққа сүйене отырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуға арнайы жағдай жасауды қамтамасыз ету мақсатында жоспар құрылып, түзету-дамыту жұмыстары жүргізілген.
Нәтижесінде, Тугелбайев Мирлан оқу жылының қорытындысымен барлық пәндерден «қанағаттанарлық» деңгейде білім көрсетіп, келесі 3- сыныпқа көшірілген.
Заңды талаптардың барлығы орындалған. Жұмыс жүйелі, бағытты жүргізілген.
12.7. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес вариативтік компонент сағаттары мектеп ұжымынң таңдауы бойынша: элективті курстар, жеке және топтық сабақтар мен таңдау курстарын жүргізуге бағытталған. Курстар бекітілген сабақ кестесі бойынша жүргізіледі және Кundelik.kz электронды журналында толтырылады.
Жұмыс оқу жоспарына сәйкес әр сынып бойынша әр пәнге бөлінген сағаттары негізінде және «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021ж. ҚР ДСМ №76 бұйрығына сәйкес 1-сыныпта «Тіл дамыту» — 1 сағат, 2- сыныпта «Мәнерлеп оқу» — 1 сағат, 3- сыныпта «Математика және логика» — 1 сағат, 4- сыныпта «Математика күнделікті өмірде» — 1 сағат, 5-8 сыныпта «Жаһаңдық құзыреттілік» — 0,5 сағат, 9- сыныпта – 1 сағат, 10-11 сыныпта «Мәңгілік ел-ұлттық идеясы: тарихи таным мен тамыры» 1 сағат, «Тарих тағылымы» 1 сағатқа сәйкес сабақ кестесі құрылған.
Курс бағдарламасы мектептің әдістемелік кеңесінді талқыланып, бекітуге ұсынылған.
Әрбір курстың нәтижелері сауалнамалар арқылы бағаланған. Курстар әрбір кластын бейіндік бағыты бойынша таңдалынған. Таңдау — әңгімелесу, сұрақ-жауап, сұхбат т.б. арқылы айқындалған.
12.8. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсы күнтізбелік –тақырыптық жоспарларында көрсетілген. (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы негізінде 2-қосымша 2-тарау 25 тармағы (1-4-сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» «Дүниетану» оқу пәнінің шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі 1-3-сыныптарда 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат); 3-қосымша 4-тарау 56-тармақ (5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағат); 4-қосымша 4-тарау 50-тармақ (10-11 сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында) енгізілген.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсының тақырыптары негізгі пәннің тақырыбына кіріктіріліп, жоспарланады.
Сабақ кезінде интеграция әдісі кеңінен қолданылған.
Kundelik.kz электронды журналы арқылы тексеріс жүргізіліп, бағдарламаның толық орындалғаны анықталды.
12.9. «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсы күнтізбелік –тақырыптық жоспарларында көрсетілген. (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы 2-қосымша 2-тарау 26 тармағы негізінде 1-4-сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асырылған.
Kundelik.kz электронды журналы арқылы тексеріс жүргізіліп, бағдарламаның толық орындалғаны анықталды.
12.10. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 30721 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестіктілігі растайтын құжаттар тізбесі негізінде педагогикалық кадрлармен жасақталуы мен біліктілік санаттары және білім беру процесін материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, медициналық пункт, тамақтандыру обьектісі, оқулықтармен қамтылу бойынша мәліметтер әдістемелік ұсынымдарға сәйкес мектеп директорының қолымен және мөрімен расталған кестелер жасақталып, интернет ресурста орналастырылған.
Педагогикалық кадрлармен жасақталуы мен біліктілік санаттары бойынша «Ақтөбе қалалық «№57 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 48 мұғалім еңбек етеді, оның ішінде жоғары білімді — 37, арнаулы орта білімді — 11. Тиісті бейіне бойынша жоғары педагогикалық білімі бар педагогтардың үлесі — 77%.
Мектеп директоры мен тәрбие жөніндегі орынбасары басшыларға арналған лауазымы бойынша үшінші біліктілік санатқа ие.
Санаты бойынша педагог-шебер – жоқ, педагог-зерттеуші — 9, педагог-сарапшы — 11, педагог-модератор — 12, жоғары санатты – жоқ, бірінші санатты – 1, екінші санатты – 1, санатсыз — 14.
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығына сәйкес жоғары және бірінші санатты, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің жалпы санының үлесі — 44%.
Біліктілік арттыру курстарынын 2023 жылы — 7, 2022 жылы — 17, 2021 жылы — 12, 2020 жылы — 5, 2019 жылы — 0, 2018 жылы — 2 өтті. 5- мұғалім біліктілігі арттыру курсынан өтпеген.
2022-2023 оқу жылында біліктілігі арттыру курсынан 86% өткен.
Барлық мұғалімдер медициналық тексеруден өткен.
Білім алушылар контингентінің құрылымы: барлығы – 23 к/к құраған, жалпы оқушылар саны – 437, оның ішінде бастауыш деңгейінде – 11 к/к — 201 оқушы, негізгі орта мектепте – 10 к/к- 188, орта мектепте — 2 к/к -48 оқушы оқыған.
Орта толымдылық – 19 оқушыны құраған.
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы бойынша құрылыстың типі – типтік ғимаратта орналасқан, үш қабатты, жалпы ауданы – 3044,2 м2.
Мектепте арнаулы 5- оқу кабинеттері бар: химия кабинеті — 59,7м2, физика кабинеті — 57,9 м2, биология кабинеті — 59,7 м2; лингафон кабинеті — 39,6 м2 және информатика кабинеті — 56,9 м2, онда 14 комплект бар.
5- интербелсенді тақта, 1- индикативті панель бар.
Мектепте жалпы 83 компьютер, оның ішінде 20 ноутбук бар. Оқу үдерісінде 60 компьютер қолданылады. Интернет желісі барлық оқу кабинеттеріне жүргізілген. Интернет жылдамдығы 100 МБ/сек.
Сонымен қатар жабдықталған ағаш шеберханасы 49,3 м2, темір шеберханасы 52,3 м2, қыздар шеберханасы 32,7 м2 бар.
90 орындық мәжіліс залы — 119,2 м2 және спорт зал — 272,8 м2.
Мектепте барлығы 21 оқу кабинеттері бар. Барлық оқу кабинеттері типтік нормативті көрсетілген парта, тақтамен жабдықталған.
Медициналық қызметке 2018 жылдың 25 науырыз айында №11041 лицензия берілген. Тиісті емдеу, қабылдау бөлмелерімен жабдықталған. Қызмет көрсетуші медбике келісім-шарт негізінде (Қарғалы қалалық ауруханасы) қызмет атқарады.
Мектептің бірінші қабатында 90- орындық жабдықталған асхана орналасқан. Бекітілген кесте бойынша оқушыларға ыстық тамақ беру ұйымдастырылған. Асхана арнайы жабдықтар және жиһаздармен жабдықталған. Бейне бақылау орнатылған.
2023 жылдың 23 наурыз күні №8 келісім шартпен ЖК «Р.Х.Жанбырбаева» асхананы жалға алған.
Тамақтандыру обьектісінің санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды 01.09.2022 жылы алынған.
Оқу, көркем және ғылыми әдебиеттер қоры бойынша:
Мектеп кітіпхана қорында оқулық 9488 дана және 512 дана көркем әдебиет бар. Қазіргі кезде мектеп оқушылар контингенті оқулықпен 100% қамтылған.
Көркем әдебиет және ғылыми әдебиеттер көлемі аз. Әрбір оқушыға 1,2 кітаптан келеді.
13. БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІНІҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ КӨЛЕМІНЕ ӨЛШЕМШАРТТАР
13.1. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы бойынша бекітілген оқу жоспарында көрсетілген оқу жүктемесі негізінде іске асырылған. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесі сақталынған.
Мектептің оқу жоспарын құруда басшылыққа алынған:
— ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы «ҚР ОА министрінің 30.09.2022ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгертулер» 1-қосымша 1-4 кластар үшін; «ҚР ОА министрінің 12.08.2022ж. №365 бұйрығымен енгізілген өзгертулер» 6-қосымша 5-9 кластар үшін,
— «ҚР ОА министрінің 30.09.2022ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгертулер» 39-қосымша 10,11 кластар үшін педагогикалық және қамқоршылық кеңестің шешімімен таңдалды.
— Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 03.08.2022ж. №348 бұйрығымен бекітілген, №406 бұйрығымен 23.09.2022ж. өзгеріс енгізілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары»;
Жалпы оқу жүктемесі 1-сыныптар үшін 19,5 сағат, 2-сыныптар үшін 24 сағат, 3-4сыныптар үшін 26 сағат, 5-6 сыныптар үшін 28,5 сағат, 7-сыныптар үшін 31,5 сағат, 8-сыныптар үшін 32,5 сағат, 9- сыныптар үшін 34 сағат, 10-11 сыныптар үшін 35 сағат берілген.
Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемінің сәйкестігі сақталынған.
13.2. Білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ мектептің оқу жұмыс жоспарында бекітілген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы жүзеге асырылған.
Мектептің оқу жұмыс жоспарында көрсетілген жылдық жүктемелер (барлығы): 1 сыныптар (3 к/к) – апталық – 58,5 сағат, жылдық – 2047,5 сағат;
2 сыныптар (3 к/к) – апталық – 72 сағат, жылдық – 2292 сағат;
3 сыныптар (3 к/к) – апталық – 78 сағат, жылдық – 2808 сағат;
4 сыныптар (2 к/к) – апталық – 52 сағат, жылдық – 1872 сағат;
5 сыныптар (2 к/к) – апталық – 57 сағат, жылдық – 2052 сағат;
6 сыныптар (2 к/к) – апталық – 57 сағат, жылдық – 2052 сағат;
7 сыныптар (2 к/к) – апталық – 63 сағат, жылдық – 2268 сағат;
8 сыныптар (2 к/к) – апталық – 65 сағат, жылдық – 2340 сағат;
9 сыныптар (2 к/к) – апталық – 68 сағат, жылдық – 2448 сағат;
10 сыныптар (1к/к) – апталық – 35 сағат, жылдық – 1260 сағат;
11 сыныптар (1 к/к) – апталық – 35 сағат, жылдық – 1260 сағат;
Білім алушылардың апталық және жылдық оқу жүктемесі сақталынған.
Kundelik.kz электронды журналы арқылы тексеріс жүргізіліп, жүктеменің толық орындалғаны анықталды.
13.3. Сыныптарда, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлу орын алмаған.
Сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдар сыныптарында білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда бөлуге болады. («2020-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат).
Ерекше білім беруді қажет ететің оқушы 3- оқушыға теңеледі.
Мектепте 2ә класында оқитын 1- ерекші білімді қажет ететін оқушыны қосқанда 21- оқушыны құрады, сондықтан класс топқа бөлінбеген.
14.1. ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» талаптары негізінде қорытынды аттестауға байланысты негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейінде оқу курсы үшін емтихан бұйрықтары шығарылып, емтиханды өткізу кестесі негізінде емтихандар өткізілген, емтихан хаттамасы және педагогикалық кеңес хаттамалары толтырылған:
«Ақтөбе қалалық №57 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі білім алушылардың корытынды аттестаттауға дайындығын бастау мақсатында «2022-2023 оқу жылындағы қорытынды аттестаттау комиссиясын құру туралы» 2023 жылдың 30 қантарда айында №13а бұйрығы шығарылған.
2023 жылдың 25 сәуір айында «Емтихан кестесін бекіту туралы» №51а бұйрық шығарылып, 9- және 11- класс білім алушылары үшін емтихан кестелері ілінген (9- класс үшін емтихан уақыты 2 — 13 маусым, 11- класс үшін 5 – 19 маусым аралығы).
Емтихандар бекітілген кесте бойынша өтілді. Әр пән бойынша емтихандар хаттамаланып, қорытынды бағалары шығарылған. Өткізілген күндері көрсетілген, емтихан комиссия мүшелерінің қолдары қойылған.
2023 жылдың 14 маусымда өткен №6- педагогикалық кеңесте негізгі орта білім алушылар үшін қорытынды бітіру емтихандарының қорытындысы қаралып, емтихан қорытындысымен 3- оқушыға «Үздік аттестат», 37 оқушыға негізгі орта білім туралы аттестат берілген.
2023 жылдың 20 маусымда өткен №7- педагогикалық кеңесте жалпы орта білім алушылар үшін мемлекеттік бітіру емтихандарының қорытындысы қаралып, емтихан қорытындысымен 4- оқушыға «Үздік аттестат», 19 оқушыға жалпы орта білім туралы аттестат берілген.
Апелляцияға өтініш түспеген. Барлық оқушылар емтиханға түгел қатыстырылған.
Қорытынды бітіру емтиханының қорытындысы
9 А сынып -2022-23 оқу жылы
№ | Пәндер | Оқушы саны | Бағасы | Сапасы | Жылдық сапасы | Көрсет кіші | Пән мұғалімі | ||
«5» | «4» | «3» | |||||||
1 | Қазақ тілі | 20 | 4 | 6 | 10 | 50 % | 50 % | Тұрақты | Әбдірахманова Э.Б. |
2 | Алгебра | 20 | 4 | 6 | 10 | 50 % | 50 % | Тұрақты | Серікқалиқызы Ә. |
3 | Орыс тілі мен әдебиеті | 20 | 7 | 4 | 9 | 55 % | 55 % | Тұрақты | Рыскалиева Г.М. |
4 | Таңдау пәні (биология) | 20 | 4 | 9 | 7 | 65 % | 65% | Тұрақты | Контаева К.К. |
9 ә сынып 2022-2023 оқу жылы
№ | Пәндер | Оқушы саны | Бағасы | Сапасы | Жылдық сапасы | Көрсет кіші | Пән мұғалімі | ||
«5» | «4» | «3» | |||||||
1 | Қазақ тілі | 20 | 2 | 9 | 9 | 55 ⁒ | 55% | Тұрақты | Тілекешова Н.Р. |
2 | Алгебра | 20 | 2 | 8 | 10 | 50 ⁒ | 50 % | +2% | Серікқалиқызы Ә. |
3 | Орыс тілі | 20 | 5 | 9 | 6 | 70 ⁒ | 50 % | +5 % | Рыскалиева Г.М. |
4 | Таңдау пәні (биология) | 20 | 4 | 10 | 6 | 70 ⁒ | 67% | +6% | Контаева К.К. |
11-сынып оқушыларының қорытынды мемлекеттік емтихандарының көрсеткіші
№ | Пәндер | Оқушы саны | Бағасы | Сапа | Жылдық сапасы | Көрсет кіші | Пән мұғалімі | ||||
«5» | «4» | «3» | |||||||||
1 | Қазақ тілі | 23 | 6 | 11 | 6 | 74 % | 74% | Тұрақты | Әбдірахманова Э.Б. | ||
2 | Алгебра және анализ бастама | 23 | 5 | 9 | 9 | 61 % | 61 % | Тұрақты | Серікқалиқызы Ә. | ||
3 | Орыс тілі мен әдебиеті | 23 | 8 | 11 | 4 | 83 % | 83 % | Тұрақты | Айжарыкова А.М. | ||
4 | Қазақстан тарихы | 23 | 11 | 9 | 3 | 86 % | 78% | -8 | Шалабаева Д.Н. | ||
Таңдау пәндері | |||||||||||
5 | Биология | 23 | 7 | 12 | 4 | 83 % | 74 % | +11 | Бекмагамбетова Г.К. | ||
14.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы негізінде «Ақтөбе қалалық №57 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі Kundelik.kz электронды журналы арқылы қалыптастырушы және жиынтық бағалау оқу жылы ішінде жүргізілген. Жылдық бағалары шығарылған. БЖБ және ТЖБ бекітілген кесте бойынша өткізілген. Барлық пәндер бойынша мектепішілік бақылау жүргізілген.
Мектеп қала деңгейінде тұрақты жоғарғы білім сапасын көрсеткен.
2022-2023 оқу жылында орташа білім сапасы 60%-ды құраған.
14.3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптары орындалды.
«Ақтөбе қалалық №57 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БжҒМ 12.01.2022ж. №6 бұйрығы басшылыққа алынған және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың жеке оқу жоспары, жеке бағдарламасы, Kundelik.kz арқылы пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары қаралып, психологиялық – педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс жоспарлары жасақталған, дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу құжаттары жүргізілген.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар құруда басшылыққа Республикасы Білім және Ғылым министірінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығының (ҚР оқу-ағарту министрінің 2022 жылға 30 қыркүйектегі №412 бұйрығының 4- қосымшасы 6- тарауы) алынған.
Білім беруде қалалық №2 ПМПК-ның 2023 жылғы 03 наурыз айындағы №6056 қорытындысында көрсетілген диагнозы бойынша (психологиялық дамуы тежелген ОНР ІІ уровня) оқушы Тугелбайев Мирлан жалпы класпен оқуға ұсынылған. Оқу бағдарламасы сол күйінде жеңілдетілген нұсқада қолданылған.
Мектеп психологі ерекше білім алушыға дамуының бұзылуын түзету мақсатында «Мен қайдамын», «Есте сақта және суретте», «Суретші не ұмытты», «Сиқырлы саусақтар», «Қисынсыздықты тап», «Сиқырлы таяқша» және т.б. жаттығулар, тренингтер, ойындар өткізген.
Логопед тарапынан коррекциялық жұмыстар жүргізілген. Сөйлеу тілінің түсінуін дамыту, артикуляциялық аппараттың қимыл-қозғалысын дамыту, саусақ жаттығулары мен дыбыстар қатарын және сөйлеу тілдік қатынастықты қалыптастыру мақсатында түрлі жаттығуларды өткізген: заттардың саны мен көлемін ажырата білу, дыбыстарды ажырату, сөздік қорын дамыту, сюжетті және ролдік ойындарға қатысу және т.с.
Оқу жылының қорытындысы бойынша оқушыда жақсы өзгерістер байқалған.
Білім деңгейін қорытынды бағалау бойынша келесі сыныпқа көшірілген.
15.1. Тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау бойынша бағаланатын кезеңге оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақталуын анықтау үшін «Ақтөбе қалалық №57 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Kundelik.kz электронды журналдар арқылы күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, оқу бағдарламалары тексеріліп тұрған.
БЖБ және ТЖБ өту кезендері арнайы кестемен бекітілген. Оқу бағдарламаларының игерілуі мектепішілік бақылауда болған. Тоқсан сайын толық игерілген. Жыл соңында әрбір пән мұғалімі Kundelik.kz электронды журналында игеру бойынша Жариялау жүргізіп, есеп тапсырған.
15.2. «Ақтөбе қалалық №57 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және күнтізбелік жылдағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау бойынша негізге ҚР ОАМ 03.08.2022ж. №348 бұйрығы басшылыққа алынған.
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта – 35 оқу аптасын, 2-4-сыныптарда 36 оқу аптасы, 5-9 сыныпта оқу жылының ұзақтығы – 36 оқу аптасы, 10-11-сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы 36 оқу аптасын құрайды.
Күнтізбелік жылдағы каникулдың ұзақтығы кемінде 115 күнді құрайды, оның ішінде оқу жылында кемінде — 25 күн.
Каникулдар оқу жылында үш рет – күзде, қыста және көктемде берілген. 1-сыныптың білім алушылары үшін үшінші тоқсанда ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникул уақыты берілген.
Бағаланатын кезең үшін Kundelik.kz электронды журналы арқылы оқу күндері қаралған.
Демалыс күндеріне түскен тақырыптар келесі тақырыпқа кіріктіріліп отырған. Мемлекеттік стандарт толығымен орындалған.
Бағалау өлшемшарттарының 4- қосымшасы бойынша бағалау жүргізілмеген.
Себебі: ҚР оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Білім беру ұйымдарының өзі-өзі бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» 2022 жылдың 27 желтоқсанындағы №12 бұйрығы 2 тарау 9- тармағы негізінде, жыл сайынғы бағалау білім беру ұйымдарында оқу нәтижелерін бағалау рәсімінсіз жүргізілетіндігі айтылған.
ҚОРЫТЫНДЫ:
«Ақтөбе қалалық №57 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына және білім саласындағы реттейтін қолданыстағы заңдар талабына сәйкес келеді.
Комиссия төрағасы Ильясов А.К.
Комиссия мүшелері:
Индиева М.Т.
Дайрабаева Б.Д.
Агисова А.Т.
Айтанатова А.А.